Шымкент қаласындағы инфляция

Шымкент қаласындағы инфляция

                2023 жылғы шілдеде 2023 жылдың маусыммен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 100,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,1% төмендеді, азық-түлік емес тауарларының бағасы  0,4%,  халыққа ақылы қызмет көрсету – 3,5% көтерілді. 

                 Азық-түлік тауарлары нарығында бағаның өсуі ұнтақ жармасына -  7,4%, сөкке -  3,1%, арпа жармасына -  1,6%, ірімшікке -  1,4% байқалды, ал қарақұмық жармасы - 5,1%, маргарин және басқа майлар -  4,3%, йогурт -  3,8%, бал -  2,3%, майонез - 1% төмендеді. Жеміс-көкөніс өнімдерінің ішінде қияр - 40,3%, тәтті бұрыш - 38%, қызанақ - 31,1%, алма - 18,9%, банан - 14,6%, қызылша - 3,4% арзандады, ал түрлі-түсті орамжапырақ - 2 есеге, апельсин - 35,5%, сарымсақ - 13,6%, ақ қауанды қырыққабат -  13,4%, лимон -  3,4%, картоп -  1,2% қымбаттады.

                 Азық-түлік емес тауарлардың ішінде бағаның өсуі аудиовизуалды және фотографиялық жабдықтарға, ақпаратты өңдеу жабдықтарға - 8,6%, темекіге - 5,5%, бензин АИ-98 - 4,3%, бензин АИ-95,96 - 4,1%,  сұйытылған газға - 3,3%, кір жуғыш ұнтаққа - 1,2%, тұрмыстық құрылғыларға, шыны бұйымдарға, ас ішетін құрылғылар және үй заттарына - 1,1% қымбаттады, ал дизель отыны - 0,7% арзандады. Фармацевтикалық өнімдердің арасында  белсендірілген көмір - 4,5%, детримакс витамин Д3 - 4%, ингавирин - 2,5%, ренни - 1,9%, аспирин - 1,7%, фенистил нью тамшылар -  1,6%, йодамарин -  1,4% қымбаттады, ал  ацикловир - 4,7%, нурофен - 2,9%, азитромицин - 1,7%, омез -  1,2% арзандады.

                 Ақылы қызмет көрсету саласында баға су бұру тарифтері - 30,9%, электр энергиясы - 13,1%, желілік газ -  9,6% көтерілді. Қалааралық автобус - 17,5%, әуе көлігі - 16,4%, такси - 11,3%, балалар аттракционы - 9,7%, шаштараз және сұлулық салондары - 5,5%, стоматологиялық қызметтер - 4,3%, ұялы байланыс - 2,8% қымбаттады, ал теміржол көлігі 4% арзандады.

Әдіснамалық түсініктемелер

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді. Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді. Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.

 

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу