2023 жылғы 1 сәуірге Шымкент қаласының халық саны 1198,5 мың адамды құрады. 2022 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 29,3 мың адамға немесе 2,5% артты.
2023 жылғы қаңтар-наурызда қалада 7,2 мың туу (2022 жылғы қаңтар-наурызға 101,6%) және 1,2 мың өлім (2021 жылғы қаңтар-наурызға 92,2%) оқиғасы орын алды. Қала бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда 1000 адамға шаққанда туу және өлімнің жалпы коэффициенті тиісінше 24,37 және 4,19 болды.
Халық өлімі себептерінің негізгі топтарының арасында едәуір үлес салмағын қан айналым жүйесі аурулары алып отыр (23,1%).