2023 жылғы сәуірді 2023 жылдың науырызымен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 100,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,3% көтерілді, азық-түлік емес тауарлар – 1,5%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 0,1% көтерілді.
Азық-түлік тауарлары нарығында бағаның өсуі сиырдың бауырына - 5,7%, күрішке - 4,9%, балық және теңіз өнімдеріне - 3,2%, жұмыртқаға - 2,8%, сиыр етіне, тауық етіне - 2,4%, ашытылған сүт өнімдеріне - 2,2%, ультрапастерленген сүтке - 1,2%, қой етіне - 1,1% байқалды, ал тауықтың сирағы - 3%, май және тоңмай - 2,6%, ұн - 2,2%, жармалар - 1,6%, жылқы еті - 0,8% төмендеді. Жеміс-көкөніс өнімдерінің ішінде қияр - 43,3%, ақ қауанды қырыққабат - 17,5%, қызанақ - 6,9%, қызылша - 6,4%, сәбіз - 6,1% арзандады, ал сарымсақ - 18,2%, тәтті бұрыш - 15,2%, алма - 8,1%, апельсин - 7,6%, банан - 6,6%, лимон - 2,5% қымбаттады. Баға деңгейі шарап 2,9%, салқындатылған сусындар - 2,3%, коньяк - 1,5%, сыра - 1,4%, минеральды және ауыз су - 1,2% көтерілді, ал арақ 2% төмендеді.
Азық-түлік емес тауарлардың ішінде баға жанар жағармай материалдары 13,2% қымбаттады, оның ішінде дизель отыны - 26%, бензин АИ-92 - 12,8%, бензин АИ-95,96 - 2,8%. Бағаның өсуі зергелік бұйымдарға - 13,4%, роликті конькилерге - 7,2%, су сабынға - 5,8%, тіс пастасы - 5,2%, кір сабынға - 4%, иіс сабынға - 2,4%, велосипедтерге - 2,1%, аяқ киімге - 2%, электросамокаттарға - 1,8%, фармацевтикалық өнімдерге - 1,7%, темекі өнімдеріне - 0,9% байқалды. Баға смартфонға 11,1%, теледидарға - 2,9% төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету саласында баға әуе көлігіне 36,6%, медициналық қызметке - 6,1%, саяхатты сақтандыруға - 2%, медициналық зертханалық қызметтерге және рентген кабинеттеріне - 1,7% көтерілді, ал Дубайдағы демалыс 28,2% төмендеді.
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді. Тұтыну бағаларын байқау және ТБИ есептеу үшін тауарлар мен қызметтер жиынтығы Қазақстанның барлық өңірлері үшін олардың бірыңғай іріктемесін білдіреді. Тауарлар мен қызметтердің тізімі 508 позициядан тұрады, оған халықтың тұтынуында ең көп үлес салмағын алатын ең өкілді түрлер кіреді. Бағалар туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілері тауарды (көрсетілетін қызметті) өткізу орындарында тікелей жүргізеді. Тексеру жүргізілген күні төленген тауарлардың бағасы, салықтарды қоса алғанда, бірақ оларды жеткізгені үшін қосымша алымдарды қоспағанда тіркеледі.