Шымкент қаласы бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жұмыс көлемін бағалауды есепке алғанда) 5037,8 мың тонна жүк және 22,9 млн. жолаушы тасылып, 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне, тиісінше 132,5% және 126,5% құрады.
Осы уақыт аралығында жүк айналымы 2762,1 млн. ткм және жолаушы айналымы 1156,9 млн. жкм құрап, 2022 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне, тиісінше, 165,5% және 109% құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне (жүк тасымалдау, жүк айналымы, жолаушы тасымалдау, жолаушы айналымы) автомобильдік коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер жұмысы көлемінің бағалауы кіреді.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған жүктердің саны тоннамен.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі тонна-километрмен көрсетіледі. Әрбір партияның (жөнелтімнің) туынды салмағының тасылған жүктің тасу ара қашықтығына жиынтығы ретінде анықталады.
Тасымалданған жолаушылар – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Жолаушыларды тасымалдау статистикасының өлшем бірлігі жолаушы-жүруі болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – көліктің жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі ретінде жолаушы-километр, яғни жолаушының 1 км қашықтықта орын ауыстыруы болып саналады. Тасымалдаудың әрбір тасымалдаудың жолаушылар санын километрдегі тасымалдау қашықтығына көбейтуді жиынтықтау арқылы анықталады.