Шымкент қаласының көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері

Шымкент қаласының көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері

               Шымкент қаласы бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жұмыс көлемін бағалауды есепке алғанда) 118488 мың тонна жүк және 516,7 млн. жолаушы тасылып, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне, тиісінше 95% және 102% құрады.

               Осы уақыт аралығында жүк айналымы 13575,1 млн. ткм және жолаушы айналымы 9859 млн. жкм құрап, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне, тиісінше, 102,5% және 102% құрады.

Әдіснамалық түсініктемелер

Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне (жүк тасымалдау, жүк айналымы, жолаушы тасымалдау, жолаушы айналымы) автомобильдік коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер жұмысы көлемінің бағалауы кіреді.

Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған жүктердің саны тоннамен.

Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі тонна-километрмен көрсетіледі. Әрбір партияның (жөнелтімнің) туынды салмағының тасылған жүктің тасу ара қашықтығына жиынтығы ретінде анықталады.

Тасымалданған жолаушылар – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Жолаушыларды тасымалдау статистикасының өлшем бірлігі жолаушы-жүруі болып саналады.

Көліктің жолаушылар айналымы – көліктің жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі ретінде жолаушы-километр, яғни жолаушының 1 км қашықтықта орын ауыстыруы болып саналады. Тасымалдаудың әрбір тасымалдаудың жолаушылар санын километрдегі тасымалдау қашықтығына көбейтуді жиынтықтау арқылы анықталады.

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу