Шымкент қаласындағы инфляция

Шымкент қаласындағы инфляция

            2022 жылы инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 119,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,9% көтерілді, азық-түлік емес тауарлар – 18,2%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 12,4%.    

                                                                                                    

            2022 жылы азық-түлік тауарлары нарығында бағаның өсуі наубайхана өнімдеріне және жармаларға 35,8% байқалды, оның ішінде арпа жармасына - 46%, ұнға - 45,2%, макарон өнімдеріне - 43,5%, күрішке - 40,7%, наубайхана және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерге - 39,7%, ұнтақ жармасына - 34,9%, сұлы жармасына - 33,6%, қарақұмық жармасына -  21,8%, нанға - 19,7%. Ет және ет өнімдері 17,6% қымбаттады, оның ішінде құс еті - 34,3%, шұжықтар, ет өнімдері - 20,4%, шошқа еті - 19%, сиыр еті - 11,3%, қой еті - 11%. Бағанын өсуі қантқа 56%, кофеге - 43%, сүт өнімдеріне - 35,8%, кондитерлік өнімдеріне - 33,2%, балық және теңіз өнімдеріне - 31,1%, шайға - 30,5%, дәмдеуіштер және тұздықтарға -  27,4%, май және тоң майларға - 26,2%, какаоға - 25,6%, минералды суға, алькоголсіз сусындар мен шырындарға -  24,5%, 1 санаттағы жұмыртқаларға - 23,5% байқалды. Көкөністер мен жемістердің ішінде қияр 56,3%, басты пияз - 50,8%, апельсин -  34,5%, банан -  32,6%, консервіленген және өңделген көкөністер -  31,9%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға -  28,1%, бұршақ -  23,2%, қызанақ - 19,8% қымбаттады, ал сарымсақ 35,6%, киви - 35,5%, ақ қауанды қырыққабат - 32,3%, лимон - 15,3%, қызылша - 6% төмендеді. Баға алькоголды сусындарға 27,1%, темекі өнімдеріне - 17,3% қымбаттады.

                        Азық-түлік емес тауарлардың ішінде бағаның өсуі жуғыш заттар мен тазартқыштарға 43,1% байқалды, оның ішінде ыдыс жууға арналған сұйықтыққа - 69,1%, кір сабынға - 67,2%, жуғыш ұнтаққа - 31,5%. Жеке пайдалануға арналған заттар 37,8% қымбаттады, оның ішінде иіс сабын - 78%, сусабын, тіс пастасы - 49,3%, дезодорант -  26,2%. Бағаның өсуі кеңсе тауарларына 35,7%, аяқ-киімге - 29,1%, тұрмыстық құрылғыларына - 21%, жиһазға және  тұрмыстық заттарға - 20,9%, құрылыс материалдарына - 18,7%, киімге - 18,2%, ыдыс аяққа - 16,1%, зергерлік бұйымдары және сағаттарға  - 15,1%, фармацевтикалық өнімдерге - 11,3%, қатты отынға - 11,2%, үй шаруашылығында қолданылатын тоқыма бұйымдарына - 10,4%, көлік құралдарын сатып алуға - 9% құрады. Баға сұйытылған газға (баллон) 27%, бензинге -  2% төмендеді.

                        Ақылы қызмет көрсету саласында бағаның өсуі  қоғамдық тамақтану қызметтеріне 40,3%, мүлікті жалға беруге -  27,2%, қонақүй қызметтеріне - 24,7%, тазалау және киімді жөңдеуге - на 22,9%, медициналық қызметтерге -  20,1%, стоматологиялық қызметтерге -  18,4%, моншаға - 18,2%, шаштараз және сұлулық  салондарына -  17,6%,  пошта қызметтері - 17,4%, кешенді мереке ұйымдастыруға - 17,1%, жерлеу қызметтеріне -  16,1%, демалыс, ойын-сауық және мәдени қызметтерге -  15,5%, аяқ-киім жөңдеуге -  15,1% байқалды. Бағаның өсімі көлік қызметтеріне 11,4% құрады, оның ішінде темір жол - 59,3%, әуе көлігі - 21,9%, автомобиль көліктері - 6,4%. Бағаның өсуі білім беру қызметтеріне 13,5% байқалды, оның ішінде жоғары оқу орнына - 23,6%, шет тілі курстарына - 22,8%, кәсіптік оқыту курстарына - 18,6%, коллеждерге - 16,5%. Коммуналдық қызмет саласындағы тарифтердің өсуі электр энергиясына  6,3%, қоқыс әкетуге - 9%, желілік газге - 3,4%, су бұруға - 2,2%, суық суға - 1,6% құрады.   

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі, халықтың жеке тұтыну үшін сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жалпы баға деңгейінің уақыт ішіндегі өзгеруін көрсетеді. 2022 жылы индекс құрылымында азық-түлік тауарларына – 40,7%, азық-түлік емес тауарларына – 30,2%, ақылы қызмет көрсетуге - 29,1% құрады. Тауарлар мен қызметтердің бағасын тіркеу ай сайын жүзеге асырылады. Азық-түлік, тұрмыстық және шаруашылық тауарлары, ересектер мен балалар киімдері, денсаулық сақтау қызметтері, көлік және т.б. тауарлардың бағасы барлығы - 508 позицияны қамтиды. Шымкент қаласының әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының таңдаулы желісі бойынша баға мониторингі жүргізіледі.

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу