2022 жылғы қарашада инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 101,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,5%, азық-түлік емес тауарлар –1,8%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 0,5% көтерілді.
Азық-түлік нарығында 2022 жылдың қарашасында бағаның өсуі майонез - 4,3%, нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерге - 3,9%, күріш, құс етіне- 3,1%, нанға - 2,7%, сүт өнімдеріне - 2,5%, сөкке - 2,3%, макарон өнімдеріне, салқындатылған сусындарға - 2,1%, кондитерлік өнімдерге - 1,6%, минералды суға - 1,2%, балық және теңіз тағамдарына - 0,9% байқалды, ал маргарин - 11%, қарақұмық жармасы- 1,5%, қант - 1%, ұн - 0,9%, шошқа еті - 0,6% төмендеді. Көкөністер мен жемістердің ішінде қияр - 72,5%, қызанақ - 40,3%, тәтті бұрыш - 27,6%, апельсин - 23,5%, жүзім - 17,7%, қызылша - 13,8%, кептірілген өрік - 6,4%, сарымсақ - 5,2%, консервіленген жеміс, жидектерге - 4,3%, басты пияз - 3,5%, картоп - 1,4% қымбаттады, ал банан - 7,9%, лимон - 6,8%, сәбіз - 3,1%, бұршақ - 2,8% арзандады. Темекі өнімдерінің бағасы 1,9% қымбаттады.
Азық-түлік емес тауарлардың ішінде бағаның өсуі жуғыш заттар мен тазартқыштарға - 7,3%, жеңіл автокөлік шиналарына - 5,1%, тас көмірге - 4,5%, аяқ-киімге - 4%, киімге - 2,4%, құрылғылар мен жеке пайдалануға арналған тауарларға - 1,9%, көлік құралдарын сатып алуға - 0,7% байқалды, ал құрылғылар - 1,5% төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету саласында әуе көлігі - 21,8%, компьютерлер мен ноутбуктарды жөңдеу - 12,2%, театр қызметіне - 10,7%, тамақтандыру қызметтері - 9,9%, қоқыс шығару - 9%, Туркиядағы демалыс - 7%, балаларды дамыту орталықтарының, мектептегі пәндер бойынша білім беру орталықтарының қызметтеріне - 2,2% қымбаттады, ал Дубайдағы демалысқа - 22,7%, теміржол көлігі - 2,5% арзандады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі, халықтың жеке тұтыну үшін сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жалпы баға деңгейінің уақыт ішіндегі өзгеруін көрсетеді. Ағымдағы жылдың басынан бері индекс құрылымында азық-түлік тауарлары – 40,7%, азық-түлік емес тауарлар – 30,2%, ақылы қызмет көрсету - 29,1% құрады. Тауарлар мен қызметтердің бағасын тіркеу ай сайын жүзеге асырылады. Азық-түлік, тұрмыстық және шаруашылық тауарлары, ересектер мен балалар киімдері, денсаулық сақтау қызметтері, көлік және т.б. тауарлардың бағасы барлығы - 508 позицияны қамтиды. Шымкент қаласының әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының таңдаулы желісі бойынша баға мониторингі жүргізіледі.