Шымкент қаласы бойынша 2022 жылғы қаңтар-қазанда (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жұмыс көлемін бағалауды есепке алғанда) 89498 мың тонна жүк және 371,6 млн. жолаушы тасылып, 2021 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне, тиісінше 93,1% және 97,7% құрады.
Осы уақыт аралығында жүк айналымы 10788,9 млн. ткм және жолаушы айналымы 7795,6 млн. жкм құрап, 2021 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне, тиісінше, 104,6% және 99% құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне (жүк тасымалдау, жүк айналымы, жолаушы тасымалдау, жолаушы айналымы) автомобильдік коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер жұмысы көлемінің бағалауы кіреді.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған жүктердің саны тоннамен.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі тонна-километрмен көрсетіледі. Әрбір партияның (жөнелтімнің) туынды салмағының тасылған жүктің тасу ара қашықтығына жиынтығы ретінде анықталады.
Тасымалданған жолаушылар – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Жолаушыларды тасымалдау статистикасының өлшем бірлігі жолаушы-жүруі болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – көліктің жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі ретінде жолаушы-километр, яғни жолаушының 1 км қашықтықта орын ауыстыруы болып саналады. Тасымалдаудың әрбір тасымалдаудың жолаушылар санын километрдегі тасымалдау қашықтығына көбейтуді жиынтықтау арқылы анықталады.