Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

2022 жылғы 1 қазанға қаланың халық саны 1184,1 мың адамды құрады және 2021 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда 79,3 мың адамға немесе 7,2% өсті. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте халықтың табиғи өсімі 19,4 мың адамды немесе 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 94,3% құрады. Туылғандар саны 23,4 мың адамды құрады немесе 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке 88,5%. Өлгендер саны 3,9 мың адамды немесе 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 67,9% құрады.                                                                                                                                                                                                                                                         

Тұрмыс деңгейі

2022 жылғы II тоқсанда қалада, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 94676 теңгені құрап, 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,8%-ға өсіп, ал нақты ақшалай табыс 3,1%-ға төмендеді.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

2022 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны,бағалау бойынша, 22 мың  адамды  құрады. Жұмыссыздық  деңгейі жұмыс күші санына  5% құрады.  Жұмыспен қамту  органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы қазанның соңына 10,7  мың адамды немесе жұмыс күші санына 2,4% құрады.

2022 жылғы  III тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 227986  теңгені құрап, 2021 жылғы III тоқсанға қарағанда 20,2%-ға өсті. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 104,1% құрады.

Баға

2022 жылғы қазанды 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын, тұтыну бағаларының индексі 102,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3%, азық-түлік емес тауарлар - 2%, халыққа ақылы қызмет көрсету - 1,5% көтерілді. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2022 жылғы қазанды 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 0,6% төмендеді.

Ұлттық экономика

2022 жылғы I жартыжылдықта қаланың жалпы өңірлік өнім көлемі 1241783,7 млн.теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,3% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 28,8%, қызмет көрсету 63% құрады.

2022 жылғы қаңтар-қазанда қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 403212,6 млн. теңге болды, немесе 2021 жылғы қаңтар-қазанға 118,3%.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 27106 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 21165 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 26683, орта (101 ден 250 адамға дейін) – 302, ірі (250 адамнан жоғары) – 121, оның ішінде жұмыс істейтіндер тиісінше – 20751, 298 және 116 бірлік.

Сауда

«Сауда» саласы бойынша 2022 жылғы қаңтар-қазанда нақты көлем индексі 114,8% құрады.

Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 482149,1 млн. теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 112,1% құрады.

Көтерме сауда көлемі 1091348,2 млн. теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 116% құрады.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 478,2 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 98,8% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 97 млн. АҚШ долларын немесе 146%, импорт – 381,2 млн. АҚШ долларын немесе 91,3% құрады.  

 Экономиканың нақты секторы

2022 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 750323,8 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 5,8% жоғары. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,3% артты, ал кен  өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 8,9%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 0,8%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылауда – 16,3% кеміді.

2022 жылғы қаңтар-қазанда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі   39453,5  млн. теңгені құрап, 2021 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 10%-ға кеміді. 

2022 жылғы қаңтар-қазанда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 107,7% құрады. Осы кезеңде жүк айналымының көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10788,9 млн. ткм, немесе 104,6% құрады (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауын қоса есептелгенде). Жолаушылар айналымының көлемі 7795,6 млн. жкм құрап, 2021 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 99% құрады.

Қала бойынша 599 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, немесе 2021 жылғы қаңтар-қазанға 126,2%.

2022 жылғы 1 қарашаға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 104202 бірлікті немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге 140,7% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2022 жылғы 1 шілдеге 189398 адамды құрады немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге 112,7% құрады. 2022 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 737978 млн. теңгені  немесе 2021 жылғы қаңтар-маусымға 102,5% құрады.

Баспасөз хабарламаны жүктеу