Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Шымкент қаласының әлеуметтік‐экономикалық дамуы

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

2022 жылғы 1 тамызға қаланың халық саны 1179 мың адамды құрады және 2021 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда 79,1 мың адамға немесе 7,2% өсті. 2022 жылғы қаңтар-шілдеде халықтың табиғи өсімі 14,4 мың адамды немесе 2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 88,4% құрады. Туылғандар саны 17,5 мың адамды құрады немесе 2021 жылғы қаңтар-шілдеге 88,7%. Өлгендер саны 3,1 мың адамды немесе 2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 90,1% құрады.                                                                                                                                                                                                                                                            

Тұрмыс деңгейі

2022 жылғы I тоқсанда қалада, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары,     бағалау бойынша, 91514 теңгені құрап, 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,2%-ға өсіп, ал нақты ақшалай табыс 8,8%-ға артты.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

2022 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 22,1  мың  адамды  құрады. Жұмыссыздық  деңгейі жұмыс күші санына  5% құрады.  Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы тамыздың соңына 12  мың адамды немесе жұмыс күші санына 2,7% құрады.

2022 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 248498 теңгені құрап, 2021 жылғы II тоқсанға қарағанда  22,3%-ға өсті. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 107,9% құрады.

Баға

2022 жылғы тамызда инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 101,4% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,3%, азық-түлік емес тауарлар – 1,8%, халыққа ақылы қызмет көрсету – 1,1% көтерілді. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2022 жылғы тамызда 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда 0,2% төмендеді.

Ұлттық экономика

2022 жылғы I тоқсандағы қаланың жалпы өңірлік өнім көлемі 611019 млн. теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 27,8%, қызмет көрсету –  64,1% құрады.

2022 жылғы қаңтар-тамызда қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 276224,6 млн. теңге болды, немесе 2021 жылғы қаңтар-тамызға 131,1%.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 26870 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 20773 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 26447, орта (101 ден 250 адамға дейін) – 302, ірі (250 адамнан жоғары) – 121, оның ішінде жұмыс істейтіндер тиісінше – 20361, 296 және 116 бірлік.

Сауда

«Сауда» саласы бойынша 2022 жылғы қаңтар-тамызда нақты көлем индексі 111,4% құрады. Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-тамызда 359336,4 млн. теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне 112,4% құрады.

Көтерме сауда көлемі 777136,5 млн. теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне 110,7% құрады. 2022 жылғы қаңтар-шілдеде Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 360 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 101,1% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 68,8 млн. АҚШ долларын немесе 138,9%, импорт – 291,2 млн. АҚШ долларын немесе 95% құрады.  

 Экономиканың нақты секторы

2022 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 583171,8 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7,1% жоғары. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 8,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 1,7% артты, ал кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 11,4%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылауда – 19,2% кеміді.

2022 жылғы қаңтар-тамызда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі  28527  млн. теңгені құрап, 2021 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 11,7% -ға кеміді. 

2022 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 107,2% құрады. 2022 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7963,5 млн. ткм, немесе 103,8% құрады (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауын қоса есептелгенде). Жолаушылар айналымының көлемі 6125,9 млн. жкм құрап, 2021 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне 103,2% құрады.

Қала бойынша 426,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, немесе 2021 жылғы қаңтар-тамызға 123%.

2022 жылғы 1 қыркүйекке жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 95502 бірлікті немесе 2021 жылдың тиісті кезеңге 135,4% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2022 жылғы 1 сәуірге 179861 адамды құрады немесе 2021 жылдың тиісті кезеңге 111,4% құрады.

2022 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 317318 млн. теңгені  немесе 2021 жылғы қаңтар-наурызға 130,1% құрады.

Баспасөз хабарламаны жүктеу