Шымкент қаласының көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері

Шымкент қаласының көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері

Шымкент қаласы бойынша 2022 жылғы қаңтар-маусымда (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің  орындаған жұмыс көлемін бағалауды есепке алғанда) 41246,2 мың тонна жүк және 206,6 млн. жолаушы тасылып, 2021 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне, тиісінше 103,2%  және 111,7% құрады.

Осы уақыт аралығында жүк айналымы 5517,2 млн. ткм және жолаушы айналымы 4220 млн. жкм құрап, 2021 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне, тиісінше, 105,3% және 104,1% құрады.

Әдіснамалық түсініктемелер

Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне (жүк тасымалдау, жүк айналымы, жолаушы тасымалдау, жолаушы айналымы) автомобильдік коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер жұмысы көлемінің бағалауы кіреді.

Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған жүктердің саны тоннамен.

Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі тонна-километрмен көрсетіледі. Әрбір партияның (жөнелтімнің) туынды салмағының тасылған жүктің тасу ара қашықтығына жиынтығы ретінде анықталады.

Тасымалданған жолаушылар – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Жолаушыларды тасымалдау статистикасының өлшем бірлігі жолаушы-жүруі болып саналады.

Көліктің жолаушылар айналымы – көліктің жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі ретінде жолаушы-километр, яғни жолаушының 1 км қашықтықта орын ауыстыруы болып саналады. Тасымалдаудың әрбір тасымалдаудың  жолаушылар санын километрдегі тасымалдау қашықтығына көбейтуді жиынтықтау арқылы анықталады.

 

Баспасөз хабарламаны жүктеу