Павлодар облысы көлік қәсіпорындарының жұмысы туралы

Павлодар облысы көлік қәсіпорындарының жұмысы туралы

2022 жылы облыс көлігімен (коммерциялық тасымалдаумен  айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жұмыс көлемін бағалау есебімен, «Интергаз Центральная Азия» АҚ мен «КазТрансОйл» АҚ бойынша көлемдерді өңірлік бөлуді есепке ала отырып) 132,6 млн.тонна жүк тасымалданды, бұл 2021 жылғы тасымалдаудан 7,8% артық. Жалпы жүк айналымы 43968,7 млн. т-км құрады және 2021 жылмен салыстырғанда 24,3% көбейді.

Облыс көлігімен 2022 жылы 617006,9 мың адам тасымалданды, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 6,2% артық. 2022 жылы жолаушылар айналымы 10123,8 млн. п-км құрады және 2021 жылмен салыстырғанда 1,2% көбейді.

2022 жылы тасымалданған жүктердің жалпы көлемінде автомобиль және қалалық электр көлігі ең үлкен үлесті алады – 88,1%. Бұл ретте жүк айналымы 19108,9 млн. т-км құрады және 2021 жылмен салыстырғанда 4% көбейді.

Ішкі су көлігі бойынша 4,2 мың жолаушы және 0,5 млн. тонна жүк тасымалданды.

Құбыр көлігі бойынша жүк айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға азайды.

Әдіснамалық түсініктемелер

Бағалау принципі ҚР ИИДМ ұсынған жеке меншік нысанындағы кәсіпорынның 1 автокөлігіне және оның әрі қарай азаматтардың жеке меншігіндегі техникалық ақауы жоқ автокөліктер санына таралу жұмыс көлемінің есептелуіне негізделген.

Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі тонна-километрмен көрсетіледі. Әрбір партияның (жөнелтімнің) туынды салмағының тасылған жүктің тасу ара қашықтығына жиынтығы ретінде анықталады.

Жолаушыларды тасымалдау формуласы ретінде белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны алынады. Жолаушыларды тасымалдау статистикасының өлшем бірлігі жолаушы-жүруі болып саналады.

хабарламаны жүктеу