Қостанай облысының үшінші ұлттық халық санағының қорытындылары
2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында оның аумағындағы тұрақты тұрғындардың саны 19186 мың адамды, Қостанай облысында – 833,6 мың адамды құрады. Санақ аралық кезеңде республика халқының саны 3176,4 мың адамға өссе, облыс 51,9 мың адамға азайды. Өткен (2009 жылғы) санақпен салыстырғанда облыс халқының санының азаюы 5,9%-ды құрады.
Қала халқының саны 510,6 мың адамды, ауылдықтар – 323,1 мың адамды құрады. Бұл ретте қала халқы 48,1 мың адамға немесе 10,4%-ға өссе, ауыл халқы 100,1 мың адамға, яғни 23,6%-ға азайды. Облыстағы қала халқының үлесі алдыңғы санақтың деректерімен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 61,2%-ды құрады, ауыл тұрғындары сәйкесінше 47,8%-дан 38,8%-ға төмендеді.
Ерлер саны алдыңғы санақпен салыстырғанда 15,3 мың адамға немесе 3,7%-ға азайып, 402,3 мың адамды құрады, әйелдер – 36,6 мың адамға немесе 7,8%-ға (431,4 мың адам) азайды. Ерлер мен әйелдер санының арақатынасы 1000 әйелге шаққанда 933 ерлер адам, 1959 жылғы 1000 әйелге шаққанда 944 ерлер адам, 1979 жылғы – 922, 2009 жылғы – 892 құрады.
Халықтың жас құрылымында да өзгерістер болды: егер 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша 0-14 жас аралығындағы балалардың үлесі жалпы халық санындағы 18,8%-ды құраса, 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 21,4%-ды, ал 65 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 10,2%-дан 12,2%-ға дейін, ал 15-64 жас аралығындағы халықтың үлесі 4,6 пайыздық тармаққа төмендеді (2009 жылғы – 71%, 2021 жылғы – 66,4%).
Санақ аралық кезеңде қазақтардың саны 39,4 мың адамға немесе 12%, украиндар 3,7% (3,1 мың адамға), немістер 9,5% (2,7 мың адамға) өсті. Орыстардың саны 26,3% немесе 100 мың адамға азайды. Санақ қорытындысы бойынша облыс халқының жалпы санының қазақтар саны 44,2%, орыстар – 33,7%, украиндар – 10,5%, немістер – 3,7%, белорустар – 2%, татарлар – 1,7%, басқа ұлттар – 4,2% құрады.
Санақ барысында осы тілдердің әрқайсысын білу дәрежесін анықтау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ тілін меңгерген 15 жастан асқан халық саны 407,7 мың адамды (52,5%) құраса, күнделікті өмірде оны халықтың 16% ғана пайдаланады. Қалада мемлекеттік тілде халықтың 51,6%, ауылдық жерде 53,9% сөйлейді.
Халық санағы бойынша Қостанай облысында Қазақстан Республикасының азаматтығы бар 830,9 мың адам (99,7%) тұрса, 2,6 мың адам басқа мемлекеттің азаматтары (0,3%) және азаматтығы жоқ 0,1 мың адам болды.
Қазақстанда діни толеранттылық пен діни төзімділік жоғары деңгейде. Санақ қорытындысы бойынша халықтың 36,9%-ы ислам дінін, 44%-ы христиан дінін ұстанады, оның ішінде православие дінін ұстанады – 43,8%, католицизм мен протестантизм – 0,2%. Сондай-ақ, халықтың 4,8% ешқандай дінді ұстанбайды, ал 13,9% өз дінін көрсетуден бас тартты. Иудаизм іс жүзінде кең таралмаған, ал буддизмді ұстанатын халықтың үлесі де аз.
Әдіснамалық түсініктемелер
Санақ – белгілі бір уақыт шеңберінде халықтың демографиялық, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы деректерін жинау, өңдеу, жалпылау, талдау және жариялаудың бірыңғай үдерісі және 10 жылда бір рет жүргізіледі.
Орындаушы: Т.В. Крохина Тел. +7 7142 53 57 24 |
Басқарма басшысы: Т.В. Крохина Тел. +7 7142 53 57 24 |
Баспасөз қызметі: Н.А. Бекетова Тел. +7 7142 53 58 98 E-mail: n.beketova@aspire.gov.kz |
Мекенжай: 110003, Қостанай қаласы Майлин көшесі, 2/4 үй |
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті