Қостанай облысында 2021 жылы еңбек қызметіне байланысты, жазатайым оқиғадан зардап шеккендердің саны 115 адамда құрады, 35 адамы (30,4%) әйелдер. Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің жалпы санынан қаза болғандар саны 6 (5,2%) адамды құрады
Топтық жазатайым оқиғаларда 6 адам зардап шекті, алкогольден мастану жазатайында зардап шеккендер 1 жағдайдан тіркелген.
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп саны ауыл, орман және балық шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі – 21 адам (18,3%), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 20 (17,4%), денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 17 (14,8%), өңдеу өнеркәсібі – 12 (10,4%).
Зардап шеккендердің ауыр дәрежеде жарақат алғандар үлесі – 37,4%-ды, жеңіл – 36,5%-ды, орташа – 20,9%-ды құрады.
Жазатайым оқиға нәтижесінде 48 адам жабық сынықтар алды, сартқы жарақат, соғып алу, сыртқы бөтен денеден жарақаттану, жәндіктердің шағып алуы – 39, шайқалудан болған жарақаттар және ішкі ағзалардың жарақаттары – 12, ашық сынықтар – 10, травматикалық отау – 9.
Өндірістегі жарақаттанудың негізгі себептері өрескел абайсыздық (54 адам), еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу (22), автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы (12), жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы (12).
30 жастан 45 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар зардап шеккендердің көпшілігі (43 адам).
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар салдарынан жұмыс уақытының жоғалуы есепті жылы 5,1 мың жұмыс күнін құрады. 1000 жұмысшыға шаққанда еңбекке жарамсыз 21 жұмыс күннен келді.
Өндірістегі жазатайым оқиғалар бойынша материалдық төлемдер 2021 жылы 68614,3 мың теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде 34398 мың теңге немесе 50,1% уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша зардап шеккендерге төленді, 34196,3 мың теңге (49,8%) бір жолғы жәрдемақылар болды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Өндірістегі жазатайым оқиға – жұмыс берушінің тапсырмасын немесе олардың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жұмысшыға кәсіптік фактордың әсері, соның нәтижесінде жарақат, жұмысшының кенеттен денсаулығының нашарлануы болды немесе улануы, жұмыс істеу қабілетінен уақытша немесе тұрақты айырылуға, кәсіптік сырқатқа немесе өлімге әкеп соққан.
Орындаушы: Т.В. Крохина Тел. +7 7142 53 57 24 |
Басқарма басшысы: Т.В. Крохина Тел. +7 7142 53 57 24 |
Баспасөз қызметі: Н.А. Бекетова Тел. +7 7142 53 58 98 E-mail: n.beketova@aspire.gov.kz |
Мекенжай: 110003, Қостанай қаласы Майлин көшесі, 2/4 үй |
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті