Суреттер көрмесі

Суреттер көрмесі

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қостанай облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті» РММ-де «Әлемге бала көзімен қарау» атты балалар суреттерінің көрмесі өтті.

         Көрменің Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылуы кездейсоқ емес.

         Балалар өз шығармаларында күнделікті өмірде өзін қоршап тұрған барлық нәрселерді, атап айтқанда үйлерді, құстарды, табиғатты әртүрлі көріністерінде көрсетеді. Дүниеге деген көзқарасын қағазға көшіргенде балалар айналадағы әсемдікті көруге үйренеді, бұл өз жерін, туған жері – Қазақстанды сүюді білдіреді.

         Кейбір суреттер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне» арналған.

         Мұндай көрмені өткізудегі мақсат – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрмеге 28 бала қатысып, сурет салу техникасының әртүрлі түрлерінде жасаған жұмыстарын ұсынды.