Қыркүйек айында азық-түлік тауарларының бағасы 2,0%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар - 4,3%-ға, ақылы қызметтер тарифтері - 2,4%-ға қымбаттады.
Тұтыну бағаларының индексі
пайызбен, өсуі +, төмендеуі -
|
2022ж. қыркүйек |
2022 ж. қаңтар - қыркүйек |
|
2022 ж. тамызға |
2021 ж. желтоқсанға |
||
Барлық тауарлар мен қызметтер |
102,8 |
117,1 |
113,9 |
Азық-түлік тауарлар |
102,0 |
117,7 |
116,4 |
Азық-түлік емес тауарлар |
104,3 |
123,4 |
115,3 |
Ақылы қызметтер |
102,4 |
109,5 |
109,0 |
2022 жылғы қыркүйек айында май және тоң май - 8,0%-ға, жұмыртқа - 7,3%-ға, кондитерлік өнімдер - 6,8%-ға, күріш -6,2%-ға, басқа санаттарға енгізілмеген тамақ өнімдері - 6,1%-ға, макарон өнімдері - 5,4%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 4,6%-ға, жармалар бағасы - 4,3%-ға, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдері -3,7%-ға, тауық - 3,4%-ға, ет өнімдері - 2,7%-ға, шұжық, балық және теңіз өнімдері - 2,7%-ға, алкогольсіз сусындар -2,3%-ға, жоғарғы сұрыпты бидай ұны - 2,2%-ға, сүт өнімдері - 2,0%-ға, қышқыл сүт өнімдері - 1,4%-ға, ірімшік және сүзбе - 1,3%-ға, қара байха шайы - 1,1%-ға, құмшекер - 0,2%-ға қымбаттады. Сонымен қатар жемістер мен көкөністер бағасы - 6%-ға төмендеді. Жармалар тобында, жүгері жармасы - 12,5%-ға, сөк - 5,0%-ға, ұнтақ жармасы - 4,6%-ға, сұлы жармасы - 3,8%-ға, қарақұмық жармасы - 3,1%-ға қымбаттады. Көкөністерден, қияр - 15,3%-ға, қызанақ - 8,1%-ға қымбаттады, басты пияз - 32,3%-ға, қызылша - 29,5%-ға, сәбіз - 28,7%-ға, картоп бағасы - 21,1%-ға, ақ қауданды қырыққабат - 11,5%-ға төмендеді.
Жуғыш және тазалағыш құралдар - 20,1%-ға, жиһаз, тұрмыстық заттар, кілемдер және басқа еден жабындары, оларды жөндеу - 13,1%-ға, кеңсе тауарлары - 12%-ға, шыны бұйымдары, асханаға және үйге қажетті керек-жарақтар - 4,9%-ға, тас көмір - 4,7%-ға, киім және аяқ киім - 4,5%-ға, үй тұрмысында қолданылатын тоқыма бұйымдар - 4,4%-ға, жеке қолданатын өзге де тауарлар және аспаптар, заттар - 2,0%-ға, тұрмыстық аспаптар - 1,3%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 0,5%-ға қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету саласында білім беру - 4,6%-ға, көлік жуу - 21,1%-ға, байланыс - 2,3%-ға қымбаттады. Тұрғын үй коммуналдық қызметтерінен жалға берілетін жайластырылған тұрғын үйлер - 15,7%-ға қымбаттады. Әуе жолаушылар көлігінің қызметтеріне тарифтер - 25,6%-ға, теміржол - 3,3%-ға төмендеді.
www.gov.kz / ҚР СЖРА ҰСБ Астана қаласының Статистика департаменті / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Шығаруға жауапты: |
Басқарма басшысы: |
Орындаушы: |
Мекенжай: |
© Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті