Нұр-Сұлтан қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысының қорытынд

Нұр-Сұлтан қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысының қорытынд

2022 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 1179,2 млрд теңгені құрады, 2021 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгеймен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі - 102,0%.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2021 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгеймен салыстырғанда 101,6%-ға және қолданыстағы бағамен 1073,4 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі киім өндіру 56,7%-ға, металлургия өндірісі 10,1%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 14,1%-ға байқалады.
Тағам өнімдерін өндіруде 2021 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгеймен салыстырғанда өзге де дәнді дақылдардан жасалған жарма, ірі тартылған ұн және түйіршіктер мен өнімдер 62,9%-ға, макарондар, кеспелер, кускус және ұннан жасалған ұқсас өнімдер 22,2%-ға дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспалары 9,9%-ға, өсті. Сонымен қатар, ауылшаруашылық жануарларына арналған дайын азықтар, жоңышқадан жасалған ұн мен түйіршіктерден басқа 19,6%-ға қысқарды.
Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен құрылыс үшін, соның ішінде бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары (116,2%), құрылыс ерітінділері (128,9%), өндірісінің өсуі қамтамасыз етілді.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі

Қызмет түрінің атауы

2022 жылғы қаңтар-тамыз 2021 жылғы қаңтар-тамыз пайызбен

Өңдеу өнеркәсібінің көлеміндегі қызмет түрлерінің үлес салмағы, пайызбен

  Өңдеу өнеркәсібі

101,6

100,0

Тағам өнімдерін өндіру

105,5

4,2

Сусындар өндіру                                                                                                                                

135,2

8,2

Тоқыма бұйымдарын өндіру

6,1 есе

0,1

Киім өндіру

156,7

0,3

Былғары және оған жататын өнімдерді өндірі

11,5 есе

0,1

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

29,6

0,1

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

162,4

0,1

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

153,3

0,2

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

64,9

0,3

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірү

101,9

0,0

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

114,1

4,3

Өзге де бейметалл  минералдық өнімдер өндіру

96,8

10,2

Металлургия өндірісі

110,1

55,1

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

166,8

1,8

Машина жасау

96,2

14,7

Жиһаз өндіру

122,0

0,2

Өзге де дайын бұйымдар  өндіруі

149,8

0,1

2022 жылғы қаңтар-тамызда электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету көлемі 90,7 млрд теңгені құрады, 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 107,2% болды.
2022 жылғы қаңтар-тамызда сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өндеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет көлемі 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 96,9%-ға және 15,1 млрд теңгені құрады.

 

Әдіснамалық түсініктемелер
Өнеркәсіптік өндіріс индексі - бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Жедел деректерін нақтылау жылдық статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша жүргізіледі.

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

 

ww.gov.kz / ҚР СЖРА ҰСБ Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Шығаруға жауапты:

Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы

Басқарма басшысы:

Г.С. Түсіп

Тел. +7(7172) 32 67 14

Орындаушы:

Найманбай Д.М.

Тел. +7(7172) 32 10 11

E-mail: d.naimanbai@aspire.gov.kz

Мекенжай:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы

Желтоқсан көшесі, 22

© Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті