Алматыда суретші Николай Рерихтің 150 жылдығына арналған көрме ашылды

Алматыда суретші Николай Рерихтің 150 жылдығына арналған көрме ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейiнде суретші Николай Рерихтің 150 жылдығына арналған «Жол басы» атты көркем және иллюстрациялық – кітап көрмесі ашылды.

«Орыс өнері» музейдің залында суретшінің ерте петербор кезеңіндегі төрт туындысы бар: «Половец лагері» (1914), «Қаһарлылар» (1901), «Мехески – ай халқы» және «Алып Кримгерд».

Николай Рерих – әлемдік деңгейдегі мәдениет қайраткері, жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, ойшыл, суретші 7000-нан астам картина жазған. Ол Орталық Азиядағы ғылыми-зерттеу және өнер экспедициясының жетекшісі ретінде Шығыс мәдениетін зерттеп, жинақтаған білімін картиналар мен кітаптарға түсірген. 1926 жылы суретші Қазақстанға келіп, өзінің күнделіктерінде егжей-тегжейлі сипаттама қалдырған, кейін осы ақпараттардың негізінде «Алтай-Гималай» жол сапар очеркін жазды.

Сондай-ақ музейде «Н.К. Рерих. Мәдениет арқылы бейбіт әлем» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Келушілер суретшінің өмірі жолымен және шығармашылығымен танысты.

Көрме 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

 

️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі