Алматыда «Париждегі Орсай музейі» атты дәріс өтті

Алматыда «Париждегі Орсай музейі» атты дәріс өтті

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Париждегі Орсай музейі» дәрісі өтті.

«Әлем музейлері» деп аталатын оқу бағдарламасында әлемдік музейлердің коллекциялары, қызықты тарихи фактілер туралы авторлық лекциялар бар. Бағдарлама аясында лекторлар әлемдік өнердің жауһарларына тоқталып, музей экспозициялары туралы әңгімелейді.

Парижде танымалдығы бойынша үшінші, ал әлемде оныншы орынға ие Орсай музейі – ұлы шеберлердің еуропалық кескіндеме және мүсін коллекциялары сақталған ежелгі бейнелеу өнері музейлерінің бірі.

Дәріске қатысушылар музейдің тарихымен және импрессионизм жауһарларымен танысты. Дәрісті «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері Ақжарқын Құмарбаева оқыды.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Әлем музейлері» эстетикалық және танымдық білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтуге ниет білдірушілерді күтеді. Дәріс әр сенбі сайын, сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін өтеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі