Аншлаг: Щелкунчик балеті көрерменге несімен ұнайды?

Аншлаг: Щелкунчик балеті көрерменге несімен ұнайды?

Дәстүр бойынша, желтоқсан және қаңтар айларында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры П.И. Чайковскийдің «Щелкунчик» ертегі балетін көрсетеді. Көрермендер әрдайым аншлаг жинайтын бұл спектакльді асыға күтеді.

Щелкунчиктің партитурасы музыкалық мәдениетке Чайковский мұрасының ең қымбат беттерінің бірі ретінде кірді. Абай атындағы ҚазҰОжБТ «Щелкунчик» балетін көптеген жылдар бойы көрсетіліп, және көрермендердің тұрақты қызығушылығын тудырып келеді.

«Басты жаңа жылдық балеттің жетістігі, бәлкім, кез келген жаста, осы әдемі жаңа жылдық күндерде біз әрқашан жақсылыққа үміттенеміз және ғажайыпқа сенетіндігімізден болар», - дейді театр директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрбақыт Боқыбаев.

Спектакльге балет труппасының, симфониялық оркестрдің және театр хорының 140 әртісі қатысады. Негізгі партияларды Азамат Асқаров, Әсел Асқарова, Ақбота Бекболатова, Есқали Қасқырбай, Тукеева Жанель, Богдан Вербов, Айман Егісбаева және Архат Әшірбек орындайды.

«Щелкунчик» балетінің көрсетілімі 28 қаңтарға дейін жалғасады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі