ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің Павлодар облысындағы гастрольдік сапары басталды

ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің Павлодар облысындағы гастрольдік сапары басталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі Павлодар облысындағы гастрольдік сапарының бірінші күнін сәтті аяқтады.

Күні кеше Павлодар қаласында өткен алғашқы концерт Ертіс өңірінің өнер сүйер қауымына ғажайып атмосферамен бірге әдемі әсер сыйлады.

Оркестрдің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов дирижерлік еткен кеште отандық және шетелдік қомпозиторлардың тамаша туындылары орындалды.

Сондай-ақ, концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Игорь Благодарный және Халықаралық байқаулардың лауреаты Береке Еңкебаева, дирижер Жанат Әбілқасымов өнер көрсетіп, көптің ықыласына бөленді.

Естеріңізге сала кетсек, гастрольдік сапар аясында ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі 27 және 28 маусым күндері Екібастұз және Ақсу қалаларында да кеш өткізеді.

Өз кезегінде гастрольдік сапарға үлкен қолдау білдіріп, көмек көрсеткен Павлодар облысының басшылығына, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясына және Павлодар облысының күллі жұршылығына алғыс білдіреміз.