Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне арналған «Сағындым ғой» атты концерт кеші өтті

Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне арналған «Сағындым ғой» атты концерт кеші өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қазақ халқының бір туар дара тұлғасы, Халық қаһарманы, КСРО халық артисі, дирижер, күйші, композитор, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, – Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туған күніне арналған «Сағындым ғой» атты концерт кеші өтті. 

Концерт кешінде Н. Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі танымал композитордың халық сүйіп тыңдайтын «Ата толғауы», «Көзім көрді аққудың жылағанын», «Алатау», «Арман», «Сарыжайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Көңілді бикеш», «Қайратты Отырар сазы», «Дариға, домбырамды берші маған», «Ақ құсым», «Бауырлаштарым», «Жан жарым», «Жүрегім менің», «Ақиық», «Ұлы той», «Көш-керуен», «Есіңе мені алғайсың», «Айналайын балдызым», «Өз елім», «Куә бол», «Махамбет» және т.б шығармаларын орындады.

Айта кетейік, осынау мерекелік кешке «Отырар сазы» оркестрінің мүшелері сахналық арнайы жаңа киіммен шықты. Сондай-ақ биыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, демеушілердің көмегімен оркестрге 20 домбыра сыйға тартылған болатын.