Алматыда «Рапсодиялар кеші» атты концерт өтеді

Алматыда «Рапсодиялар кеші» атты концерт өтеді

2023 жылғы 20 мамырында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен «Рапсодиялар кеші» атты концерт өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қанат Омаров.

Концертте шақырылған пианист – STAINWAY артисі, АҚШ-тағы Мобил университетінің музыка докторы, профессор Қадиша Оңалбаева мен талантты пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлжан Үзенбаева өнер көрсетеді. 

Бағдарламада:

Г. Үзенбаева. Концерттік күй «Жарыс»

С. Рахманинов. «Паганини тақырыбына вариациялар»

Дж. Гершвин. «Париждегі американдық»

Дж. Гершвин. «Блюз стиліндегі рапсодия».