
Өтетін күні мен уақыты: 29 қазан сағ. 18:00
Өтетін жері: QAZAQSTAN ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)
Республика күнін мерекелеу аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен Қазақстан композиторлар одағының ұйымдастыруымен КСРО және Қазақстанның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, қоғам қайраткері Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың 95 жылдығына арналған «Жұбановтар әлемі» атты мерекелік кеш өтеді.
Музыка әлемінде өзіндік қолтаңбасын шебер үйлестіре білген сазгер опера, балет, симфония, концерт, ораторий, кантат, хорға арналған шығармалар мен спектакльдерге және кинофильмдерге музыка жазған. Еліміздің қоғамдық өміріне белсене атсалысып, қазақ музыкасы туралы ғылыми зерттеу еңбектерін жазып қалдырды. Сонымен қатар, отандық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен және төсбелгілермен марапатталған.
Жұбановтар әулетінің қазақ өнері мен мәдениетіне сіңірген еңбектері зор:
Ахмет Қуанұлы Жұбанов - көрнекті ғалым, қазақ музыкасын зерттеуші, композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Ғазиза Ахметқызы Жұбанова – П.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясы мен аспирантурасынан білім алған, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан композиторлар одағының басқарма төрағасы. «Аққұс туралы аңыз», «Хиросима», «Еңлік-Кебек», «28» және т.б. үздік туындылардың авторы.
Әліби Мамбетов – танымал режиссер, дирижер, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.
Карина Измаилова (шөбересі) - Қазақстан композиторлар одағының ең жас мүшесі, П.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының композиция мамандығы бойынша білім алған, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.
29 қазан сағ.17:00-де баспасөз конференциясы:
Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор;
Серікжан Құттымбетұлы Әбдінұров - Қазақстан композиторлар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор;
Төлеген Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор;
Балнұр Балғабекқызы Қыдырбек - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор;
Дана Жүнісбекқызы Жұмабекова - Өнертану ғылымдарының докторы, профессор, өнертанушы;
Карина Нұрланқызы Измаилова – Республикалық және халықаралық, байқаулардың лауреаты, композитор.
Баспасөз конференциясынан кейін сағ. 18:00-де мерекелік концерт басталады. Концертте композитор Ғ.А.Жұбанова шәкірттерінің және заманауи Қазақстан композиторлық мектебі өкілдерінің шығармалары орындалады. Музыкалық кеште Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Айдар Торыбаев дирижерлік етіп, Тұран фольклорлы-этнографиялық ансамблі, халықаралық байқаулардың лауреаттары Карина Измаилова, Дана Абдықадырова және Гүлмира Үмбетова өнер көрсетеді.
БАҚ ақпарат үшін:
e-mail: infoqazaqconcert@gmail.com
т.: + 7 702 126 2209
М.Орынбетова