Игорь Гонопольский мен Денис Хусаиновтың «Исаак Иткинд жұмаққа барар жолда» фильмнің премьерасы өтеді

Игорь Гонопольский мен Денис Хусаиновтың «Исаак Иткинд жұмаққа барар жолда» фильмнің премьерасы өтеді

Исаак Яковлевич Иткинд (1871-1969) есімі адамзат тарихындағы ең үлкен мүсіншілердің аттарымен бір қатарда тұруы керек. Оның жұмыстары ең беделді өнер көрмелерінде қуаныш пен қошеметке бөленген, ал даңқы елден тыс жерлерде де жайылған кездер болған.

Оның туындылары Эрмитаж, Третьяков галереясы, Санкт-Петербургтегі Пушкин музейі, сондай-ақ, АҚШ, Франция, Израиль музейлері сияқты әлемдегі ең жақсы музейлерде қойылған және  қойылып келеді. Және, әрине, оның кемеңгер мұрасының едәуір бөлігі Қазақстанда – Ысқақ Иткиндтің үйіне айналған елде сақталуда.

Туындылары, соның ішінде қазақстандық кезеңде шығарылған шығармалары баурайды, еліктіреді, таң қалдырады. Мүсіндерде және тіпті материалдың өзінде оның аурасы, оның ерекше жанының бөлшегі өмір сүреді.

Өкініштісі, соңғы уақытта Исаак Иткиндтің жұмысына және оның аңызға айналған мұрасын зерттеуге көп көңіл бөлінбеуде. Тіпті, өнерді шынайы бағалай білетіндерді айтпағанның өзінде, Иткиндтің көрнекті тұлғасының қалыптасуына және оның әр туындыны жасауға деген көзқарастарына әсер еткен суретшінің өмір жолындағы қым-қиғаш жолдар, оқиғалармен таныс адамдар да көңіл бөле бермейді.

Кейбіреулер Исаак Иткиндтің жарқын шығармашылық өмірбаяны аянышты 1937 жылы үзілді деп санайды…

Тіпті әйгілі мүсіншінің қабірі ұзақ уақыт бойы белгісіз болып келді.

Осынау әділетсіздіктер Игорь Гонопольский мен Денис Хусаиновтың «Исаак Иткинд жұмаққа барар жолда. Өмірінің үзінділері» жаңа фильмінде көрерменнің көз алдында түзетілді.

Авторлар бірнеше жыл бойы түсірген фильм жай өмірбаяндық әңгіме емес. Көрермен Исаак Иткиндті оның өміріндегі болған шынайы оқиғалар арқылы біледі.

Фильмнің түсірілімі Алматыда, Павлодарда, сондай-ақ, Израильде, Мәскеуде өткізілді. Фильмде бірегей, бұрын белгісіз материалдар пайдаланылды. Мұның бәрі авторлардың өздерінің және Исаак Иткинд мұрасына бей-жай қарамайтын адамдардың қаражатымен жүзеге асырылды.

Фильмді жасаушылар өздерінің ленталары керемет мүсіншінің шығармашылығына деген қызығушылықты жандандырудың алғашқы қадамы болады деп үміттенеді және Исаак Яковлевич Иткинд соған лайық.

Фильмнің премьерасы 2022 жылғы 28 қыркүйекте сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің конференц-залында өтеді.

Кіру музей билеттері бойынша жүргізіледі.