Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауы өтеді

Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауы өтеді

18-19 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқау өтеді.

Байқаудың мақсаты - қазақ халқының дәстүрлі ән өнерін дамыта отырып, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуде оның рөлін күшейту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Дәстүрлі ән орындаушыларының байқауына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстардың жеңімпаздары атанған 20 жастан 35 жасқа дейінгі дәстүрлі әншілер қатыса алады.

Үздік орындаушыларды анықтайтын байқауға өтінімдер 2022 жылдың 1 қыркүйек - 13 қазан аралығында kazakh.philharmonic@mail.ru  электронды поштасы арқылы қабылданады.

Анықтама үшін телефон: 8 727 291 7149, +7 707 932 1698