Ұлттық музейге Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі келді

Ұлттық музейге Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Сауд келді.  Ұлттық музейдің әр ғасыр мен дәуір шежіресін шерткен залдарын аралап, тарихымен танысқан құрметті қонақтар тарихи-мәдени мұраларға оң пікірін білдірді.

«Тарихсыз халық жоқ. Ұлттық құндылықтар мен тарихи ескерткіштерін құрметтеп, мәдениеті мен этнографиясын жаңғырту үшін жасалған жобалар мен жұмыстар жоғары деңгейде. Қазақтың, түркілердің бай тарихы музейдің құндылығын арттырып тұр. Екі ел арасындағы мәдени байланыс арта берсін»,-деді министр Фейсал бен Фархан Әл Сауд.

Ұлттық музейдегі экскурсиядан соң Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Сауд «Құрметті меймандар» кітабына естелік жазба қалдырды.