Мысырдан Сарайшыққа Бейбарыс сұлтан мешітінің тастары жеткізілді

Мысырдан Сарайшыққа Бейбарыс сұлтан мешітінің тастары жеткізілді

Мысыр Араб Республикасына «Атырау» телеарнасының «Каспийден кеткен қыпшақтар» жобасы бойынша барып қайтқан тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахмет «Сарайшық» музей-қорығына Бейбарыс сұлтан мешітінің бірнеше кірпішін әкеліп тапсырды.

Осылайша Бейбарыс бабамыз тарихы Алтынордалық Сарайшықпен байланыстырылды.