Батырхан Шөкенов атындағы қоры Болат Өтемұратов қорымен бірлесіп Batyr Lab-2022 музыкалық резиденциясына қатысуға Орталық Азия композиторлары арасында ашық конкурс жариялайды.
Batyr Lab музыкалық резиденциясы – Батырхан Шөкенов атындағы қормен және Болат Өтемұратов қорымен құрылған музыканттар мен композиторларға арналған Орталық Азия аумағындағы алғашқы білім беру-практикалық платформасы.
Batyr Lab резиденциясы заманауи композиторлардың әлеуетін және оларды жаңа тұжырымдамалық деңгейге көтеруді мақсат етеді.
Жобаның тарихы туралы қысқаша. 2021 жылы Batyr Lab пилоттық жобасы іске қосылды. Резиденцияға конкурстық негізде іріктелген академиялық музыкадан бастап соулға дейін, саунд-арттан этно-рокқа дейін түрлі музыкалық жанрларда жұмыс істейтін он композитор мен музыканттар шақырылды. Бір апта бойы Іле-Алатау ұлттық паркі аумағындағы демалыс үйінде олар шақырылған мәскеулік және жергілікті сарапшылардың дәрістерін тыңдады, джем-сессиялар өткізді, кино туындылармен танысты, арнайы жабдықталған музыкалық студияларда ұжымдармен жұмыс істеді.
Batyr Lab келесі кезеңде қатысушылардың әрқайсысына олардың шығармашылық жобаларын іске асыруға жарты миллион теңге көлемінде гранттар берді. Батырдың басқа музыканттардан ерекшелігін айқындап тұратын - оның үрмелі аспаптармен жұмыс істей білуі болғандықтан конкурсқа түсетін талапкерлер үрмелі аспаптармен жұмыс істеуі міндетті шарт.
Жобаның қорытындысы ретінде 2021 жылдың желтоқсанында барлық сандық платформаларда The Orchard музыкасының американдық дистрибьюторымен серіктестіктерімен Batyr Lab. Vol 1, альбомының релизі шығарылды.
2022 жылы Batyr Lab резиденциясы екі шеберхана өткізуді жоспарлап отыр:
1. Композитор, "Игеру" ансамблінің көркемдік жетекшісі Санжар Байтерековтың жетекшілігімен қазіргі академиялық музыка шеберханасы (Қазақстан);
2. Композитор, музыкант Далер Назаров (Тәжікстан) жетекшілік ететін эксперименттік шеберхана.
Биыл Batyr Lab музыкалық резиденциясы 2022 жылғы 2-7 мамыр аралығында Алматы қаласында өтеді. Бір апта ішінде іріктелген қатысушылар InSimple Бюросының негізін қалаушы Алекс Николаевтың (Мәскеу) "Музыкалық бизнес негіздері" курсын тыңдап, заңгер Темірлан Төлегеновтің "Қазақстандағы авторлық құқық" семинарына қатысады, сондай-ақ екі шеберхананың басшылары – Санжар Бәйтереков пен Далер Назаровтың кураторлық қолдауына ие болады.
Резиденцияның қорытындысы бойынша төрт қатысушы менторлардың басшылығымен жаңа туындылар немесе пьесалар шығаруға әрқайсысы 1 000 000 теңге мөлшерінде грант алады.
Резиденцияның нәтижесінде 2022 жылдың қазан айында The Orchard музыкалық дистрибьюторымен серіктестікте заманауи академиялық және эксперименталды музыка топтастырылған екі шағын альбом шығарылады. Музыкалық туындыларды ілгерілету үшін Қор жоба композиторларының өмірбаяндарымен және жасалған туындылардың партитураларымен резиденцияның хрестоматиясын шығарып, сондай-ақ жоба нәтижелерінің тұсаукесерін және "Игеру" қазіргі заманғы музыка ансамблінің қатысуымен финалдық концертті өткізеді.
Байқауға қатысуға 18-45 жас аралығындағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан композиторлары шақырылады. Қор Резиденцияның барлық қатысушылары үшін тұру және тамақтануды ұйымдастыру шығындарын өтейді, сондай-ақ Қазақстанның басқа қаласынан келген композиторлар үшін жол жүру ақысын төлейді.
Өкінішке қарай, Қор Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қатысушылар үшін Алматыға дейінгі жол жүру құнын төлеуді өз мойнына алмайды.
Байқауға қатысқысы келетін талапкер www.batyr.foundation қордың сайтындағы сауалнаманы толтырып, конкурстық комиссияның тыңдауына екі немесе үш шығарма жібереді.
"Композиторларға арналған резиденциялар – Еуропада, АҚШ-та, Ресейде және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде өте танымал формат. Қысқа мерзім ішінде атақты композиторлардың қатаң басшылығымен жас композиторлардың өз білімдерін кеңейтуге, шеберлігін шыңдауға және ең бастысы, өзі сияқты басқа да талантты әріптестермен танысуға мүмкіндігі бар. Қазіргі заманғы композиторларға арналған Batyr Lab резиденциясы Орталық Азиядан келген композиторларға батысқа немесе Азияға бармай-ақ осындай тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Batyr Lab-тың ерекшелігі – курстардың ұзақтығы 6 ай. Жалпы пакетке музыка жазуға грант алу мүмкіндігін қосыңыз, сонда сіз керемет форматқа ие боласыз. Айтпақшы, мұндай жағдайлар мен білетін бірде-бір резиденцияда жоқ", - дейді Batyr Lab резиденциясының композиторы және заманауи академиялық музыка шеберханасының жетекшісі Санжар Бәйтереков.
Batyr Lab резиденциясының композиторы, музыканты және эксперименттік шеберхананың жетекшісі Далер Назаров конкурсқа қатысушылар үшін жасалған шарттарға өзінің таңданысын жасырмады. Ол өзіне тәлімгер ретінде қызықты тәжірибе болатынына сенімді.
"Бұл жобаға қатысу үлкен тосынсый. Өмір тәжірибесі арқылы шығармашылықтағы өзара әрекеттесудің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік беріп, сенім білдіргендері үшін ұйымдастырушыларға рахмет айтамын", - дейді Далер Назаров.
Жоба туралы толығырақ Қордың сайтынан: https://batyr.foundation
немесе Қордың әлеуметтік медиа беттерінен: Facebook: https://www.facebook.com/batyr.foundation
Instagram: https://www.instagram.com/batyr.foundation/ білуге болады.
Байланыс:
Батырхан Шөкенов атындағы қор
lab@batyr.foundation
Гаухар - +7 (701) 788 23 17