«Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелі конференция өтті

«Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелі конференция өтті

Бүгін «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ІІ Есік оқулары «Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелі конференция өтті.

Конференцияға Бельгия, Ресей, Түркия, Қытай, Қырғызстан және Қазақстанның ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында өткен конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Арғынбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ғылым жолына қосқан музей-қорығының еңбегіне сәттілік тіледі.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызы қазіргі таңда музей-қорығында атқарылып жатқан ғылыми жұмыстар туралы айтты. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында ф.ғ.д. А. Н.Гаркавец , ф.ғ.д. И. А.Жеменей , т.ғ.д. Т.Зекенұлы ., т.ғ.к. Т. Е. Картаева баяндама оқыды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары мен профессорлары, «Иран-Тұран» зерттеу орталығының директоры, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының археологтары және Түркияның Анкара қаласындағы Хажетепе университетінің профессоры, Ататүтік принциптері институтының директоры Мехмет Дервиш Клынчкая, сондай-ақ Анкара Хажы Байрам Вели университеті, Түрік халық білімі бөлімінің доценті, PhD Туна Иылдыз, Анкара университетінің ғылыми қызметкері, PhD Серхан Чынар музей-қорыққа келіп, конференцияға жұмысына оффлайн қатысты.

Конференция барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы далалық Еуразияның әлеуметтік және саяси тарихы, Еуразияның археологиялық мұрасының өзекті мәселелері, Ұлы даланың тарихи-мәдени мұра обьектілерін зерттеу, сақтау, пайдалану және дәріптеу мәселелері қарастырылып, тың ойлар айтылып, тәжірибелерімен бөлісті.