«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы шығарма (эссе) байқауын жариялайды

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы шығарма (эссе) байқауын жариялайды

Ботай мәдениеті — В.Ф. Зайберт солтүстік Қазақстанның энеолит дәуіріндегі ескерткіштерін зерттеу материалдары негізінде бөліп атаған археологиялық мәдениет. Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделеді. Аталмыш ғылыми ашу айрықша сәулет стилін қалдырып кеткен бағзы бабалардың тарихи тәжірибесін айқындайды. 2017 жылы Ботай археологиялық қонысы Қазақстанның қасиетті нысандарының жалпыұлттық тізіміне енгізілді. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Ботай» республикалық тарихи-мәдени музей-қорығының ашылуы болып өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» іргелі мақаласын жүзеге асыру аясында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ботай – мыңжылдық жолымен» атты шығарма (эссе) байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау; өз Отанына деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Байқаудың қатысушылары: білім беру орындарының 7-9 сынып оқушылары

Байқау 2021 жылдың 15 - 29 қарашасы (қоса есептегенде) аралығында өтеді. Байқауға ұжымдық жұмыстар жіберілмейді (шығарманың бір ғана авторы және бір жетекшісі болуы керек).

Байқау қорытындысын шығару бағалау критерийлеріне сәйкес әрбір қатысушы бойынша жеке жүргізіледі. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады: Гран-при, 1, 2, 3 орындар.

Байқау қорытындысы қазылар алқасының 2021 жылдың желтоқсан айындағы сараптамалық бағалауының қорытындысы бойынша шығарылады.

Байқауға қойылатын талаптар байқау Ережесінде көрсетіледі.