Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеуге арналған конкурс

Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеуге арналған конкурс

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.

Конкурстың өтетін орны: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, №15 кіреберіс.

Кәсіпорынның орналасқан орны: Z05K7Y2, Нұр-Сұлтан қ., Ұлы Дала даңғылы, 9.   

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бастауыш, негізгі орта, кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, сонымен қатар келесі талаптардың біріне сай болу:

1) білім беру саласында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) білім беру саласындағы басшылық жұмыс тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде 5 жыл;

      3) білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде:

      1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

      2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

      3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

      4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

      2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

      3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

      4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

      6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

         Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

         Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

    Ішкі және сыртқы конверттер:

         1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне                 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс мекенжайы бойынша жолдануы;

      2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2021 ж. 27 тамыздың 11:00 сағ. дейін ашуға болмайды» (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.

         Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде әңгімелесуден өтеді.