
Құжатқа сәйкес жыл сайынғы мемлекеттік стипендия тағайындалатын тұлғалардың дербес құрамы бекітілді.
Биыл мемлекеттік стипендияны 75 әдебиет және өнер қайраткері иеленді. Бұл мәдениет, өнер саласының дарынды өкілдерін ынталандыру, олардың кәсіби қызметіне серпін беріп, жаңа жобаларды іске асыру мақсатында көрсетілген мемлекеттік қолдау.
Әдебиет қайраткерлері қатарында Олжас Сүлейменов, Төлен Әбдікұлы, Марфуға Айтқожа, Мырзатай Жолдасбеков және басқа да ел руханиятына үлес қосып жүрген өзге де азаматтар бар.
Мемлекеттік марапат өнер қайраткерлерінің ішінен әнші, актер, режиссер, музыкант және суретшілерге берілді. Атап айтсақ, Бибігүл Төлегенова, Қайрат Байбосынов, Меруерт Өтекешева, Самал Еслямова, сондай-ақ еліміздің заманауи мәдениетін әлемге танытып жүрген бірқатар жас қаламгерлер мен әртістер стипендия иегері атанды.