Қазақстандық FORTE TRIO ансамблі Канадада өнер көрсетті

Қазақстандық FORTE TRIO ансамблі Канадада өнер көрсетті

Отандық FORTE TRIO ансамблі Канадада өнер көрсетті. Концерт Оттава қаласындағы Carleton Dominion Centre Concert Hall сахнасында өтті. Бағдарламада А. Жайымов, С. Рахманинов, А. Аренский, А. Пьяццолла шығармаларымен қатар, қазақтың халық әні «Япурай» мен «Ән шашу» заманауи үлгіде орындалды.

Концерт академиялық музыка мен ұлттық әуенді ұштастырып, шетелдік көрерменге Қазақстанның музыкалық мұрасын таныстырды.

FORTE TRIO – Қазақстандағы фортепиано, скрипка және виолончель аспаптарынан құралған алғашқы әрі бірегей классикалық ұжым. Ансамбль халықаралық сахналарда өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап жүр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі