
Қазақ ұлттық хореография академиясы би және орындаушылық өнер саласындағы жетекші әлемдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтады.
Халықаралық байланысты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында академия Trinity Laban (Ұлыбритания) және Бразилия Үлкен театрының Балет мектебімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Бұл келісімдер хореография саласындағы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікті дамытуға, академиялық алмасуларды, бірлескен ғылыми және шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің кәсіби өсуіне бағытталған.
Жоспарда шеберлік сабақтары, семинарлар, конференциялар мен фестивальдер өткізу, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және биді оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу қарастырылған.
Бұл меморандумдар кәсіби хореографиялық білім беруді жетілдіруге және халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі