20 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында XIV Ашық оперетта және мюзикл фестивалі «DosStar» аясында Қазақ ұлттық хореография академиясы тәрбиеленушілерінің концерті өтеді.
Қазақ ұлттық хореография академиясы – кәсіби хореографиялық білім беретін беделді оқу орны. Мұнда болашақ балет жұлдыздары тәрбиеленіп, қалыптасады. Бұл концертте жас таланттардың шығармашылығымен танысып, өнерге бір қадам жақындауға тамаша мүмкіндік туады.
Кеш барысында көрермендерге мазмұнды әрі жан-жақты бағдарлама ұсынылады. Атап айтсақ, лассикалық балет репертуарынан туындылар қойылып, шетелдік және отандық заманауи хореографтар өнер көрсетіп, қазіргі заманғы және ұлттық билер орындалады.
Ерекше хореография, көз тартарлық костюмдер мен жас өнерпаздар көрерменге ұмытылмас әсер мен шынайы эстетикалық ләззат сыйлайды.
Концерт Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі