Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Бірлігіміз жарасқан» атты ұлттық би фестивалі достық пен татулықты дәріптеген тағылымды мерекеге айналды.
⚜️Фестивальдің негізгі мақсаты – ұлттық би өнерін кеңінен насихаттау, қазақ халқы мен еліміздегі өзге этностардың би мұрасын ұлықтау, сондай-ақ талантты бишілерге қолдау көрсету болды.
⚜️Аймақтық фестивальге 12 хореографиялық ұжым мен 300-ден астам биші қатысып, сахна төрінде ұлттық нақышқа толы әсем билерін көпшілік назарына ұсынды. Қатысушылар өз өнерлері арқылы халқымыздың мәдени байлығы мен рухани құндылықтарын, ел бірлігі мен ынтымағын көркем бейнелей білді.
⚜️«Бірлігіміз жарасқан» фестиваліне қатысқан барлық өнер ұжымдарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің ұлттық өнерге деген құрметтеріңіз, сахнадағы жарқын шығармашылықтарыңыз бен мәдени мұраны дәріптеудегі еңбектеріңіз фестивальдің мазмұнын байытып, мәртебесін асқақтатты.
⚜️Фестиваль қорытындысында қатысушылар Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен және қаржылай сыйақыларымен марапатталды.