
Сабыржан Аккалыков — бокстан Азия чемпионы!
2026 жылдың 30 наурыз 10 ақпан аралығында Ұлан-Батор (Моңғолия) қаласында World Boxing аясында 2026 жылғы Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Сабыржан Аккалыков нағыз болаттай мінез бен жоғары шеберлік үлгісін көрсетті.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте біздің боксшы Өзбекстанның мықты спортшысы Ж. Абдурахимовпен кездесті. Нәтиже көңіл қуантады: 5:0 есебімен сөзсіз жеңіс!
Сабыржанды лайықты алтын медалімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!
Алға, Сабыржан! Алға, Қазақстан!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі