
2026 жылғы 27 ақпанда Шахтинск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақша сөйлеу – тренд» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалуымен басталды.
Жиында Шахтинск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлзат Қайыпқызы Рахимбаева құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, орталық директорының міндетін атқарушы Алтынай Сайлюбайқызы Ахметова алдағы жоспарланған іс-шаралармен таныстырды.
Сондай-ақ, аталған шарада мемлекеттік тілге қатысты түрлі сауалдар қойылып, пікірталас болды. Шараның басында қазақ тілінің оқытушысы С.Уристемов қазақтың қасиетті домбырасымен ән шырқады. Дөңгелек үстел өте қызықты әрі тартымды болды.