Халықаралық Отбасы күні

Халықаралық Отбасы күні

Осакаровка кентінің  мәдениет үйінде Халықаралық отбасы күніне арналған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу өтті. Кездесуге биыл отасқандарына 48 жыл толып отырған Сапаров Жұмағазы Саттарұлы, жұбайы Роза Хамитбекқызымен, отасқандарына 38 жыл толған Аманбеков Хайрат Сатыбалдыұлы, жұбайы Аманбекова Гульзабира Олжабайқызымен және де отасқандарына 1 жыл толған Аманбала Сержан, жұбайы Алиакбарова Лаура Жанибекқызымен қатысты. Кездесудің мақсаты отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, жоғарғы буын әке-аналарымыздың үлгісімен қазіргі жас отбасылардың мәртебесін көтеру, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа әлеуметтік-белсенді, тұрақты-өнегелі, сапалы тәрбие беруге жағдай жасау, отбасылық салт-дәстүрлерді, туыстық байланыстарды жаңғырту мақсатында өткізіліп отыр. Кездесуге қатысқан отбасыларымызды бүгінгі мерекемен Аудан әкімінің орынбасары Шалабаева Алма Қабыкенқызы құттықтады. 3 отбасымызға гүл шоқтарымен естелік сыйлықтар сыйланды. Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!