Сұлулық, модельдер және таланттар фестивалі

Сұлулық, модельдер және таланттар фестивалі

2024 жылдың 15 мамыр күні «Достар» мәдениет сарайында Халықаралық отбасы күніне орай  шабыттандырарлық сұлулық, модельдер және таланттар фестивалі өтті. Бұл шығармашылық  іс-шара сахнада ерекше қажеттіліктері бар балаларды, көпбалалы аналарды және түрлі жастағы дарынды қатысушыларды біріктірді. Фестивальдің басты мақсаты – инклюзия идеясын насихаттау, отбасылық құндылықтарды нығайту және өмірлік жағдайларына қарамастан әрбір қатысушының шығармашылық және тұлғалық әлеуетін ашуға жағдай жасау.

Бұл ерекше мерекенің бастамашасы  – қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Сейдаллина Н.И. қалалық мәдениет бөлімінің қолдауымен  ұйымдастырып өткізді.

– Фестиваль отбасыларды қолдауға, қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдарға төзімділік пен құрмет сезімін тәрбиелеуге, сондай-ақ балалар мен ересектер арасында салауатты өмір салтын, шығармашылықты және белсенді өмірлік ұстанымды насихаттауға бағытталған, – деп өз жобасы туралы Найля Ибрагимовна айтып өтті.

Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі алуан түрлі болды. Қатысушылар тек дефиле көрсетіп қана қоймай, өздерін таныстырып, өмірлік оқиғаларымен бөлісіп, музыкалық және би нөмірлерін орындап, спорттық шеберліктерін, қолөнер мен басқа да таланттарын көрсетті. Әрбір өнер көрсету көрермендердің шынайы қошеметі мен зор қолдауына ие болып отырды.

Мерекелік атмосфераны «Достар» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары жандандыра түсіп, сахна төрінде  әндерін шырқап, әлем халықтарының билерін орындап,  бірлік пен достықты, мәдениеттердің алуан түрлілігін көрсетіп, керемет көңіл-күй сыйлады.

Фестиваль соңында барлық қатысушылар ұйымдастырушылар мен демеушілер атынан дипломдармен, сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл марапаттар қатысушылардың рухани күшінің, таланты мен өзін-өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысының мойындалуының көрінісіне айналған тамаша шара болды.

Фестиваль қонақтар мен қатысушылардың жүрегінде жарқын әсер қалдырып, баршаға ұмытылмас эмоциялар, шабыт пен бірлік сезімін сыйлады.