1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні.

Бұл еліміздің өркендеуінің негізінде  бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты білдіретін маңызды мереке.

Қазақстан - 130-дан астам этностың  бейбітшілігі мен достығы жарасқан  көпұлтты мемлекет.

Этносаралық келісімді нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясы — тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі өз миссиясын табысты іске асырытын институты қызметіндегі шешуші рөл атқарып, бұл іске елеулі үлес қосуда. Оның құрамында - 131 адам, өңірде 48 этномәдени бірлестік жұмыс істеп, оның 17-сі Көкшетау қаласында. Олар өз этносының тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін белсенді түрде сақтап, дамытады.

Олардың қызметін қолдау үшін Көкшетау, Степногорск қалаларында, Зеренді және Целиноград аудандарында Достық үйлері мен орталықтары өз қызметтерін атқаруда.

Бүгінде облыстық ассамблея қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді ілгерілетуге және насихаттауға, жастардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған алты жобаны іске асыруда.