Республикалық акциясы «Таза Қазақстан

Республикалық акциясы «Таза Қазақстан

25-сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Қоғамдық келісім» КММ аумағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтті.

ҚХА-ның 30 жылдығына және Жеңістің 80 жылдығына арналған акция.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, «Жастар Ассамблеясы» жастар ұйымының мүшелері, қалалық мәдениет және Достық үйінің қызметкерлері белсене қатысты. Бірлескен күшпен 30 түп қарағай мен қайың  көшеттері отырғызылды.

Бұл бастама аумақты көгалдандыруға және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар жалпы игілік үшін әртүрлі этнос өкілдерін біріктірген достықтың жарқын үлгісінің көрінісі болды.  Ағаш отырғызу болашақ ұрпаққа қамқорлықтың және таза, жасыл Қазақстанға ұмтылыстың символына айналды.

Әрбір отырғызылған ағаш табиғат алдындағы жауапкершілігіміз бен еліміздің гүлденуін және сау экологияны  көруге деген ұмтылысымызды еске салады.

Акция қатысушыларына «Достар» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы керемет концерттік бағдарламасын ұсынып, мерекелік атмосфера сыйлады.