Халықаралық Чернобыль апатын еске алу

Халықаралық Чернобыль апатын еске алу

26 сәуір - Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күні. Красный Яр ауылында Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға арналған естелік кездесу өтті.

"Көкше" мәдениет үйінде аталған кездесуге Красный яр ауылдық округінде тұратын апат салдарын жоюға қатысқан азаматтар жиналды. Іс-шараға жергілікті мектеп оқушылары, ардагерлер кеңесінің өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиналғандардың ерекше назарын аудартып, сол қайғылы оқиғалар ішінде болған Алексей Кубряковтың әңгімесе ерекше әсер етті. Ол жұмыстың қиын жағдайлары, ликвидаторлардың миллиондаған адамдарды құтқару үшін өз денсаулығына қауіп төндіріп, қандай да қиын болсын тапсырмаларды міндетті түрде орындау керектігі туралы баяндады.


Жастар куәгерлердің әңгімелеріне қызығушылық танытып, апаттың ауқымын және осы адамдардың жасаған ерлігінің бағасын түсінуге тырысып, белсенді сұрақтар қойды.

Әлемді ядролық қатерден қорғауға ойланбастан барған адамдарға, олардың осындай жанқиярдық әрекеттеріне көрермен қауым алғыс пен ризашылығын білдірді.


Мұндай кездесулер тек еске алу ғана емес, сонымен бірге өскелең ұрпақ үшін батылдық, қаһармандық және азаматтық жауапкершілік туралы маңызды сабақ болып табылады.