"Кітап әлеміне саяхат" әдеби викторинасы

"Кітап әлеміне саяхат" әдеби викторинасы

Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар аясында «Достар»  мәдениет  сарайы  жанындағы қалалық модельді кітапхана қызметкерлері  №8 қалалық жалпы білім беретін мектебінің оқушыларын  «Кітап әлеміне саяхат»  атты әдеби викторинаға шақырды.

Кездесу  басында кітапхана меңгерушісі Мария Лёвина кіріспе сөз сөйлеп, кітап -  адамның сөйлеу, ойлау және дүниетанымын дамытудағы, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы атап өтті.  Содан кейін оқушылар қазақ классиктерінің шығармалары мен қазіргі заманғы балалар әдебиетінің  кітап көрмесімен танысты.

Қызықты әңгіме барысында оқушылар сүйікті кітаптарымен  және өздеріне ұнаған  әдеби кейіпкерлері туралы әсерлерімен бөлісті. Викторина жүргізушіге қазақ және орыс жазушылары мен ақындарының шығармашылығы, сондай-ақ олардың танымал туындылары мен кейіпкерлері туралы қатысушылардың білімін бағалауға мүмкіндік берді.

Оқушылар сұрақтарға жылдам әрі сенімді жауап беріп, ойынға белсенді қатысып, білімділік пен командалық рухты көрсетті. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушылар жетон алып,  ал ең білімді және белсенді қатысушылар ұйымдастырушылардан естелік сыйлықтармен марапатталды.

Викторина оқушыларда қызығушылық тудырып, көптеген жағымды эмоциялар сыйлап,  оларды әдебиет әлемімен одан әрі танысуға шабыттандырды. Іс-шара кітап пен оқудың нағыз мерекесіне айналып, жас қатысушылардың жадында жарқын із қалдырды.