Ұлттық кітап күні

Ұлттық кітап күні

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 23 сәуір «Ұлттық кітап күні» болып жарияланды. Бұл мерекенің басты мақсаты – кітап пен оқуды насихаттау, жаңа оқырмандар тарту, қоғамда  оқу мәдениетін қалыптастыру.

Ұлттық кітап апталығы аясында 16 сәуір күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында Ашық есік күні өтті.

Шараға облыстық Аналар кеңесінің өкілдері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар қазақтың көрнекті жазушылары Абай Құнанбаев, Сәбит Мұқанов, Ілияс Есенберлин және басқа да қазақ әдебиеті майталмандарының шығармалары қойылған «Мәртебелі кітаптар» кітап көрмесімен танысты.

Осы аптаның әр күні Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесіне қарасты кітапханаларда қызықты оқиғаларға толы болады - жазушылармен кездесулер, әдеби викториналар, шығармашылық кештер және жаңа басылымдардың тұсаукесері. Осының барлығы кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты тереңдету және өскелең ұрпақтың бойына өз елінің рухани мұрасына деген мақтаныш сезімін оятуға бағытталған.