
8-9 сәуір күндері жеңіл атлетика манежінде «Сұңқар» студенттік универсиадасы аясында жеңіл атлетикадан жарыстар өтті.
Жарысқа қаланың төрт жоғары оқу орны мен алты колледжінен 105 студент қатысты.
Іс-шараның салтанатты ашылу бөлімінде жарыстың бас төрешісі Евгений Мелешенко аталмыш жарыс Жеңістің 80 жылдығымен қатар келіп, өтетінін атап өтіп, қатысушыларға жоғары спорттық жетістіктер тіледі.
Бірінші күні ұлдар мен қыздар 60, 200 және 400 метрлік жарыстарда бақ сынасты. Екінші күні 2000 және 3000 метр қашықтықта ұзындыққа секіру және кросс жарыстары өтті. Барлық қатысушылар керемет физикалық дайындықты, табандылықты, ерік-жігерді және жеңіске деген ұмтылысты жоғары дәрежеде көрсетті.
Жоғары оқу орындары арасында шиеленісті күрестің қорытындысы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің командасы жеңіске жетті. Колледждер арасында жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің оқушылары үздік атанды.
Жеңімпаздарға жарыс ұйымдастырушысы — «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ атынан кубоктар мен медальдар табыс етілді.