Ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт күні

Наурызнаманың онкүндігі аясында 20-наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген. Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған.

Сонымен қоса, ұлттық спорт қазақ  халқының  рухы мен өмір салтын бейнелейтін көшпелі өркениеттің бір бөлігі болып саналған. Бұл жай ғана бәсекелестік жарыс емес - бұл күш, ақыл және ептіліктің көрінісі.

Көкшетау қаласында дәл осы күні бір уақытта 1000 адам  «тоғыз құмалақ» ұлттық ойынын ойнауға отырды. Бұл аталмыш ойын - адамның зейіні мен логикалық ойлауын жақсы дамытатын ерекше ойындардың бірі. Ойын үш жерде өтті: техникалық лицейде, орта мектепте бір уақытта 900 адам, ал «Бурабай» спорт кешенінде 105 адам ойнады.

Жарысқа қатысушылар - жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, жоғары оқу орындары мен  колледждердің студенттері, сондай-ақ ересектер.

«Тоғыз құмалақ» ойынына жаппай қатысу ұлтымыздың тарихи дәстүрлерін сақтайтын және ұқыпты жеткізетін халық бірлігінің символына айналды.