"Ару ана" байқауы

"Ару ана" байқауы

4 наурызда "Достар" МС-да "Аманат" партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған "Ару ана" байқауы өтті.

Байқауға 11 әйел қатысты. Мақсаты-белсенді, білімді, бақытты отбасылық өмірге бағдарланған заманауи ананың бейнесін жасау, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Байқау - отбасын таныстыру, аспаздық және шығармашылық қабілеттерін көрсету кезеңдерінен тұрды.

Байқаудың жеңімпазы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Бақытгүл Ғалиева иеленді.

Қатысушылар ұйымдастырушылардан дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды.