Журналист күні

Журналист күні

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «Достар» мәдениет сарайында баспа және электронды БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шара барысында журналистер қауымдастығының біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы және Көкшетау қаласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғаларды объективті түрде жариялаудағы маңызды рөлі атап өтілді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қаланың мәдени және спорттық жетістіктерін насихаттауға елеулі үлес қосып, мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға ақпараттық қолдау көрсетіп келеді.

Кездесу барысында мәдениет мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ қалалық іс-шараларды жариялаудың жаңа форматтары талқыланды.

Қатысушылар медиа саласындағы заманауи үрдістер жөнінде пікір алмасып, халықты жедел, шынайы әрі сапалы ақпаратпен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу ашық диалог пен сындарлы қарым-қатынасқа негізделген жылы әрі достық атмосферада өтті. Іс-шара соңында БАҚ өкілдеріне жемісті еңбегі мен ақпараттық кеңістікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.